Бұл туралы Reuters агенттігі ақпарат таратты.
Жарылыс Қытайдың солтүстігіндегі Шаньси провинциясының Циньюань уезінде орналасқан Люшэньюй көмір шахтасында болған. Оқиға орнына құтқарушылар мен медицина қызметкерлерін қоса алғанда 755 адам жұмылдырылған. Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
Жалпы 123 адам ауруханаға жеткізілген. Олардың екеуінің жағдайы өте ауыр, тағы екі адам ауыр халде жатыр. Ал 33 адам ем қабылдап болған соң үйлеріне қайтарылған.
Құтқару штабының мәліметінше, жарылыс болған шахтаға қатысы бар компанияның жауапты тұлғасы заң талаптарына сәйкес бақылауға алынған.