Банктер арасында 2026 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша саулнама жүргізілген. Нәтижесінде биылғы алғшқы жарты жылдықта ипотека мен автонесие сегментінде сұраныс төмендеген. Бұл туралы Ұлттық банк ақпарат таратты.
«Есепті тоқсанда кейбір банктер сыйақы мөлшерлемелерін көтеріп, оның үстіне тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі қысқарғандықтан, ипотекалық қарыздарға сұраныс азайды. Осылайша, ипотека бойынша өтінім саны 21%-ға азайып, 191 мың болды. Ал сұралатын қарыздың орташа мөлшері – 20,5 миллион теңге», – делінген Ұлттық банк есебінде.
Жаңа көлік бағасының арзандауы және автодилерлер ұсынатын субсидияланатын несие өнімдеріне сұраныстың азаюы себебінен автонесиеге деген сұраныс төмендеген. Өтінім саны 20%-ға қысқарып, 1,2 миллионды құраған. Ал сұралатын соманың орташа мөлшері 12%-ға өсіп, 7,2 млн теңгеге жеткен.
«2026 жылғы ІІ тоқсанда банктер ипотекаға сұраныс артады деп күтеді. Бөлшек несиелеудің басқа сегменттері бойынша сұраныс 2026 жылғы І тоқсан деңгейінде сақталады деген болжам бар», -делінген ақпаратта.
2026 жылғы I тоқсанда кредиттеу бойынша банктер арасында жүргізілген сауалнамаға екінші деңгейлі 21 банк қатысқан.