Көктемнің соңғы аптасында ауа райы құбылмалы болады

Фото: pixabay

Мамыр айының соңғы аптасы Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады. Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы болады – жаңбыр жауып, найзағай күтіледі.

«27 мамырда еліміздің батысында, 27-28 мамырда оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында, 28 мамырда солтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі және екпінді жел күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі болжанады», – делінген синоптиктердің болжамында.

26-27 мамыр түндерінде елдің шығысында 2 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін. Температуралық фон біртіндеп төмендейді: күндіз батыста +16…+28°С, солтүстікте және орталықта +18…+25°С, шығыста +23…+30°С, ал оңтүстікте +20…+27°С болады.