Ақтөбеде қоқыс жәшігінен шақалақ табылды

  • AstanaTV
  • 25 мамыр 2026

Ақтөбеде қоқыс жәшігінен жаңа туған шақалақ табылды. Полиэтилен пакетіне салынған сәбидің  дауысын естіген тұрғындар бірден полицияға хабар берген. Бала тірі. Ұл. Дәрігерлердің айтуынша, нәресте дер кезінде медициналық мекемеге жеткізілген. Қазір  жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы бірқалыпты. Ал шақалақты тастап кеткен ана іздестірілуде. Полицейлер аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.