Жалпы Алматыда адам жоғалу дерегі көбейген. Екі айдан бері 36 жастағы ер адамды туыстары таба алмай жатыр. Бауыржан Олжас есімді азамат 19 наурыз күні Әуезов ауданындағы Таугүл-3 ықшам ауданында орналасқан үйінен шығып кеткеннен қайта келмеген. Содан бері оның қайда екені белгісіз. Жоғалған күні қандай киімде болғаны белгісіз. Еріктілер Бауыржанның болуы мүмкін деген барлық орынды тексерген. Жақындары тыңғылықты іздеу жұмыстары мен ер адамның аман-есен табылуына үмітті.
LIDER.KZ ЕРІКТІЛЕР ҚОЗҒАЛЫСЫ:
Бауыржан Олжас 1990 жылғы. Өтініш наурыз айында түсті. Іздеу шаралары толық жүргізілді, Әуезов және Бостандық аудандары тексерілді. Сауалнама (сұрастыру) жүргізілді. Сондай-ақ ақпараттық тарату жұмыстары атқарылды. Ер адам әлі де іздестірілуде. Алдағы уақытта тек ақпараттық жұмыс жүргізіледі.