Атырау облысында жасөспірімдер қатарласын аяусыз тепкілеген. Оқушылар арасындағы қатыгез оқиға Жылыой ауданында болған. № 23 орта мектептің 4 оқушысы өзге мектепте оқитын ағайынды 2 баланы асқан қатыгездікпен ұрып-соққан. Олардың өздерін қорғай алмай құлап жатқанын біле тұра соққыны жалғастырып, кезек-кезек тепкілейді. Бейәдеп, боқтық сөздермен тілдеп, жұдырық жұмсағандар - сегізінші сыныптың оқушылары. Жәбірленушілер дәрігер көмегіне жүгінбеген, полицияға шағымданбаған. Жасөспірімдер ішкі істер органының есебіне алынды. Ал ата-аналарына айыппұл салынды.
МЕЙІРІМ ЕРДӘУЛЕТ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Жинақталған материалдар тиісті шара қабылдау үшін кәселетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жолданды. Сонымен қатар олардың ата-аналарына балалаларды тәрбиелеу мәндеттерін тиісінше орындамағандары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.