АҚШ Иранға қарсы соғысқа араб елдері мен Еуропаны тартпақ

Еуропа елдері өз қорғаныстарын енді өздері қамтамасыз етуі тиіс. Пентагон бұл жолы Польшадағы 5000 сарбазды алып кету туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар, АҚШ Иранға қарсыв Парсы шығанағындағы өзге елдерді соғысқа тартуы мүмкін. Мемлекеттік хатшы Марко Рубио осыны тұспалдап сұхбат берді. Шартараптағы соңғы жаңалықтарды Еркелді Тілеуқұл шолып шықты.

АҚШ өз әскери күшін Еуропадан біртіндеп алып кетеді. Осы жолы Польшадағы 500 сарбаз кері шақырылды. Бұл шешімді Трамп Кәрі құрлық елдеріне ренжігеннен кейін қабылдады. Анкарада өткен Альянстың саммитінде мемлекеттік хатшы Марко Рубио ресми түрде естіртті. Енді Еуропадағы мемлекеттер ықтимал агрессиядан өз-өздерін қорғап қана қоймай, Ирандағы соғысқа қатынасуы керек.

МАРКО РУБИО, АҚШ МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫСЫ:

Қазір, өздеріңіз білетіндей ахуал ушықты. Әлемнің әр бұрышында қит етсе, соғыс бастайын деп тұрған мемлекеттер бар. Сондықтан, Еуропадағы күштерді Кариб бассейнінде, бір бөлігін Оңтүстік-Шығыс Азияға шоғырландыруға шешім қабылдадық. Оның үстіне, Парсы шығанағында Иранның әрекеттеріне тойтарыс беруіміз керек. Бұл бағыттар Еуропадан қарағанда біздің назарымызды көбірек талап етеді.

Иранды тоқтатпасақ, кесірі бүкіл әлемге тиеді. Сондықтан, қару ұстай алатын әр азамат Америка әскеріне көмектесуі керек. Марко Рубио Үндістанға сапары барысында осындай мәлімдеме жасады. Бұл жөнінде АҚШ Парсы шығанағындағы мемлекеттермен келіссөз жүргізіп жатыр. Тіпті, бір шешімге жақын арада келеді-міс.

МАРКО РУБИО, АҚШ МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫСЫ:

Ормуз бұғазы – ешкімнің жеке-меншігі емес. Ол – халықаралық су. Одан өткен ешқандай мемлекетке қатысы жоқ, коммерциялық кемелерден ақы талап ету – барып тұрған бассыздық. Енді келіп, ғаламтор кабельдерін кесіп тастаймыз дейді. Иранның террорист-мемлекет екеніне енді қандай дәлел керек? Осыдан кейін Американы жаман дейтіндерді түсіне алмадым.

Колумбияда сайлауға дайындық атысқа айналды. Осы аптада ел Президентті таңдауы керек. Алайда, қарулы топтар сайлау учаскелеріне және оның жанында тұратын адамдарға шабуыл бастап кеткен.