«BIR TOLQYNDA» диалогтық алаңы Қостанай жастарын да біріктірді. Өңірдегі басқосуға 200-ге жуық белсенді қатысып, өзекті мәселелер мен жаңа бастамаларды ортаға салды. Спикерлер қатарында «AMANAT» партиясының өкілдері, Парламент депутаттары, сарапшылар мен инновация саласының мамандары болды. Кездесуде қазіргі қоғамның даму бағыты мен цифрландыру үрдісі талқыланды.
АЛЕКСАНДР ДАНИЛОВ, «AMANAТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:
Біз үшін жастардың өзін саясатта, саясаткерлермен бірге қалай көретіні, саясатқа қалай араласатыны, саяси бағытты қалай жүзеге асыратыны және тағы сосын сияқты дүниелер өте маңызды.
ЕКАТЕРИНА СМЫШЛЯЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Қазір айналамыздан көріп жүрген нәрсенің бәрі цифрлық технология. Біз тіпті мынадай тікелей тілдесуді қойдық. Таңғаларлық! Ал бүгін міне, бір-бірімізді тыңдап отырмыз, іс жүзінде бұлай сирек жүздесетініміз рас. Біз «WhatsApp-тан жаз», «маған хабарлама жібере сал» дейтін болдық қой, солай емес пе?
Осындай еркін форматтағы ашық дидарласу Павлодар шаһарында да жалғасты. Жас буын өкілдері ел дамуындағы өздерінің рөлі, білім мен азаматтық белсенділік төңірегінде ой бөлісіп, көкейде жүрген сауалдарына тікелей жауап алды. Ал халық қалаулылары бұл алаңның жаңа идеяларды жүзеге асыруда маңызы зор екенін айтады.
ЖАРҚЫНБЕК АМАНТАЙҰЛЫ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Жастармен кездесу біз үшін қашанда жоғары маңызға ие. Жастардың көкейіндегі мәселелерді, толғандырған сұрақтарын тыңдау оны жүзеге асыру кейбір түйткілді мәселелерінің шешілуіне ықпал жасау, одан бөлек оларды жеткен жетістіктеріне куә болу, ғылыми, өнердегі, спорттағы мәдениеттегі жетістіктерін көзбен көру, тану білу аса маңызды.