Қарағандыда жаңа экосаябақ аумағына тағы мың түп ағаш егілді

Қарағандыда жаңа экосаябақ аумағына тағы мың түп ағаш егілді. “AMANAT” партиясының экологиялық бастамасымен ұйымдастырылған ауқымды шараға 25 тен астам шағын және орта бизнес өкілі қатысты. Банктер, кәсіпорындар мен шағын бизнес өкілдері жан- жақтан өз ағаштарын әкеліп еккен. Көгілдір тоғандар мен Оңтүстік-Шығыс арасындағы аумақта үлкен экобастама жүзеге асырылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, акция экопарк жасыл желектерге толғанша алдағы уақытта да жалғасады. Мұндағы жас көшеттер – болашаққа, туған жерге деген қамқорлық пен сүйіспеншіліктің символы.

БЕКЗАТ АЛТЫНБЕКОВ, “AMANAT” ПАРТИЯСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бүгіннің өзінде 500 ден астам көшеттерді “ Amanat” партиясының атынан сыйға тартамыз деп отырмыз. Біздің Қарағандыдан түлеп ұшқан әрбір азаматты осы экосаябақты қолдауға, өздерінің болашаққа сыйын жасауға шақырам. Біз егілген әрбір көшетті қамқорлығымызға аламыз. Бұл - қаланың тазалығы. Біздің таза ауамыз, келешегіміз. Біздің таза ауамыз, келешегіміз”.