Ақмола облысында 400 шақырымнан астам жол жөнделіп жатыр

Фото: istockphoto.com

Көкшетау-Зеренді жолында орташа жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Жоба бойынша екі аралық үш жолаққа дейін кеңейтілді. Бұл Зеренді курортты аймағына бағытталған көліктер легінің артуына септігін тигізеді.

«Жүзеге асып жатқан жобаларға 54 млрд теңге бөлінді. Оның 13 миллиарды күрделі жөндеуге, 30 млрд теңге орташа жөндеу жұмыстарына қарастырылады. Қалған 11 млрд теңге жолдарды күтіп ұстауға жұмсалады. Жалпы республикалық жолдарға қатысты 12 жоба бар. Оның бесеуі былтырдан ауысса, қалғаны биыл қолға алынып отыр», –  деді «Қазавтожол» ҰК ОФ директорының орынбасары Рүстем Әбілов.