Бүгін - футбол күні

Фото: pixabay

25 мамыр күні әлемде футбол күні аталып өтіледі. Бұндай шешім 2024 жылдың 7 мамырында БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында қабылданды. 25 мамыр күнін Дүниежүзілік футбол күні ретінде қабылдауға тарихтағы алғашқы халықаралық турнирді ұйымдастырғанына 100 жыл толуы әсер етті. Бұл жайт 1924 жылы Париж Олимпиадасында тіркелген.

Футбол — әлемдегі ең танымал әрі миллиондаған жанкүйердің жүрегін біріктіретін спорт түрі. Бұл күн футболдың достықты, тәртіпті, командалық рухты және жеңіске деген жігерді насихаттайтын ерекше мереке ретінде аталып өтеді.

Теңбіл доп ойыны — ол эмоция, тарих, мәдениет және тұтас бір өмір салты. Жасыл алаңдағы әр матч жанкүйерге ұмытылмас әсер сыйлап, жаңа чемпиондарды танытады.