Полиция мен Ұлттық ұлан күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті

Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева

Астанада полиция мен Ұлттық ұлан күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті. Қала көшелерінде патруль саны арттырылып, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін бақылау күшейтілді.

Ресми мәліметке сәйкес, бұл шара 28-29 мамырда өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы мен V Еуразиялық экономикалық форумына байланысты қолға алынған. Құқық қорғау органдары халық көп жиналатын орындарда қауіпсіздікті қамтамасыз етуге басымдық беріп отыр.