Ақтөбеде 59 жастағы азамат суға кетті: жұмыс күні түскі үзілісте суға түсуге барған

  • AstanaTV
  • 26 мамыр 2026

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданындағы Қуағаш бөгетіне демалуға барған ер адам суға кетті. Марқұм ауыл мектебінде слесарь болып еңбек еткен.  59 жастағы азамат  жұмыс күні түскі үзіліс кезінде отбасымен өзен жағасына барған көрінеді. Алайда арнайы жабдықталмаған, суға түсуге рұқсат етілмеген орында шомылған. Куәгерлер оның  суға батып бара жатқанын байқап, оны дереу жағаға алып шығады. Жүрек-өкпе реанимациялық шаралары жүргізілген. Құтқарушылардың көмегімен оның тынысы қайта қалпына келтірілгенімен, жағдайы өте ауыр болып, ауруханада көз жұмды.

НҮРГҮЛ БЕРТІЛЕУОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін ер адам медициналық мекемеге жеткізілген. Бадамша ауылындағы ауруханаға жансақтау бөліміне жатқызылады. Дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан өкінішке орай ер адам көз жұмған.