Екібастұзда жер сілкінді

Екібастұзда жер сілкінді. Зілзала бүгін Астана уақытымен 11 сағат 28-минутта Павлодар облысының Баянауыл ауданында тіркелген. Алайда, жер дүмпуінің негізгі ошағы Екібастұз қаласынан оңтүстік шығысқа қарай 15 км жерде сезілді. Сейсмологтардың болжамынша, 2 балдық жер сілкінісі болған. Дүмпудің тереңдігі 30 шақырым. Зардап шеккендер жоқ. Екібастұз тұрғындары пәтерлерде шамдар мен жиһаздардың қозғалғанын сезген. Көпшілігі үй-жайларын тастап сыртқа қашып шығыпты. Бұл қалада бұрын соңды бұндай жер сілкінісі болмаған.

САМАТ ҚАБДЫЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Іс-қимылдарды үлестіру және жағдайды бақылау мақсатында Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің базасында жедел штаб құрылды. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Барлық тіршілікті қамтамасыз ету нысандары штаттық режимде жұмыс істеп істеуде. Жедел желі телефондары ашылды. Тұрғындардан өтініштер түскен жоқ.