Өрттен үш бала құтқарылды

фото: pixabay

Павлодарда өрт шыққан пәтерден үш баланы кездейсоқ өтіп бара жатқан ер адам құтқарып қалды.

Ол көршілермен бірге есікті бұзып кіріп, 4, 8 және 9 жастағы балаларды сыртқа шығарған.

Балалар аман, ал көмекке келген куәгер оқиға орнынан үн-түнсіз кетіп қалған.