Ұлттық спорт түрлері бойынша тоғызқұмалақтан халықаралық турнирі, жамбы ату, адарыспақ, асық ату, қазақ күресі және дәстүрлі садақ атудан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаттары жоспарланды. Жарысқа 9-15 жас аралығындағы балалар қатыса алады. Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді.
Сондай-ақ еліміздің барлық өңірлерінде Балаларды қорғау күніне (1 маусым) және Спорт күніне (16 тамыз) орайластырылған спорттық-бұқаралық іс-шаралар өтеді.
Министрдің айтуынша, 2026 жылғы 29 шілде мен 9 тамыз аралығында Астана қаласында өтетін «Болашақ ойындары» маңызды халықаралық оқиғалардың бірі болмақ.