“AMANAT” партиясы жастарды қолдайды

“Amanat” партиясы жастардың әр бастамасын қолдайды. Бұл туралы Қарағанды қаласында Мәжіліс депутаттарының «Bir tolqynda» атты жастармен кездесуінде айтылды. Кездесу Евней Бөкетов атындағы Қарағанды Ұлттық зерттеу университетінде өтті. Оны партия жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанаты ұйымдастырды. Мақсат- жастар мен депутаттар арасында ашық диалог алаңын қалыптастыру, студенттердің қоғамдық-саяси белсенділігін арттыру. Халық қалаулылары жастармен еркін форматта сұхбат құрып, мемлекеттік саясат, жастарды қолдау, білім, еңбек, тұрғын үй және қоғамдағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Сонымен қатар, студенттердің ұсыныстарын тыңдады.

АРАФАТ МӘЖІТОВ, “AMANAT” ПАРТИЯСЫ “ЖАСТАР РУХЫ” ЖҚ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Жапы бұл жерде 500 ден астам жас қатысып отыр. Олар біздің облысымыздан колледждер, университеттерден сонымен қатар қала, ауданнан келген. Жалпы осындай кездесулер жастардың саяси мәдениетіне пайдалы. Осындай іс шаралар көп болса біздің жастарымыз саясат жаққа жақынырақ болады.