Алматыда «Almaty Superski» ірі туристік жобасы жүзеге аспақ

  • AstanaTV
  • 26 мамыр 2026

Алматыда Шымбұлақ пен Oi-Qaragai курорттарын өзара байланыстыратын біртұтас тау кластері қалыптаспақ. Сондай-ақ, жаңа аспалы жолдар, әртүрлі деңгейдегі шаңғы трассалары салынып, тау ауылы бой көтереді. Алматы тау кластері және «Almaty Superski» жобалары қалалық Қоғамдық кеңесі мен мәслихаттың қолдауына ие болды. Мамандардың айтуынша, бұл жоба Алматының туристік әлеуетін күшейтіп, өңірдің халықаралық деңгейдегі тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Елімізде соңғы жылдары табиғи, экологиялық және тау туризміне қызығушылық артып келеді. Сондықтан сала өкілдері Almaty Superski жобасы әсем қаланың  туристік әлеуетін күшейтіп, халықаралық тартымдылығын арттыра түспек. Мамандардың айтуынша, жоба тау туризмін дамытуға серпін беріп қана қоймай, экономикаға жыл сайын шамамен 300 млрд теңге көлемінде қосымша кіріс әкеледі. Сонымен қатар, 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.

ТАЛҒАТ ҒАЗИЗОВ, «KAZAKH TOURISM» ҰК» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Бүгінде Алматы халықаралық әуе хабы бар, еліміздегі ең ірі туристік орталық, әрі Қазақстанға келетін туристердің негізгі кіру нүктесі. 2025 жылдың қорытындысы бойынша қалада 2,5 миллионнан астам туристке қызмет көрсетілді. Сонымен қатар, Қазақстанға келетін шетелдік туристердің жартысынан көбі Алматыға тиесілі. Сондай-ақ табиғи, белсенді және отбасылық туризмге деген тұрақты сұраныс байқалады. Алматыға деген қызығушылық көбіне қалалық инфрақұрылым мен бірегей таулы табиғи ортаның үйлесуімен байланысты.

Сондай-ақ, іс-шарада Мәслихат депутаттары мен Қоғамдық кеңес мүшелері таулы аймақтардағы экологияны сақтау мен қауіпсіздік мәселелерін талқылады. Мәселен, авиациялық құтқару көмегін дамыту, қаланың 4 ірі ауруханасы аумағында тікұшақ алаңдарын орналастыру мүмкіндігі, тауға апаратын қосымша автомобиль жолдарын салу және қолданыстағы жолдарды кеңейту мәселелері көтерілді.

АИДА БАЛАЕВА, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ – МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРІ:

Президент Алматы тау кластерына қатысты жаңа көзқарас қажет екенін айтты. «Almaty Superski» жобасын да осы тұрғыдан қараған жөн. Әңгіме тек жекелеген инфрақұрылымның, нысанының салынуы туралы емес. Бұл Алматының болашағына, Қазақстандағы туризмның келешегіне, таудың азаматтар үшін қолжетімді болуына, адамдардың қауіпсіздігіне және Іле Алатаудың бірегей табиғатта жауапкершілікпен қарауға қатысты маңызды мәселе.

Айта кетейік, жоба тек бір қаламен шектелмейді. Қоғамдық тыңдауға қатысқан тұрғындар жаңа туристік аймақтар мен жайлы демалыс орындарының көбеюін қолдап отыр.