Алматылық түлектер мектеп бітіру кешінен үнемделген қаржыны қайырымдылыққа жұмсады

фото: gov.kz

Бостандық ауданы мектептерінің түлектері қайырымдылық шараларын ұйымдастырды. Олар ерекше балаларға арналған отбасылық оңалту үйіне, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына, №2 мамандандырылған сәбилер үйіне және қиын өмірлік жағдайға тап болған көпбалалы отбасыға көмек көрсетті.

Түлектер ойыншықтар, кеңсе тауарлары, азық-түлік пен теледидар сыйға тартты.