Ұшқын Жамалбек Астанада жеке концертін өткізеді

  • AstanaTV
  • 26 мамыр 2026

Ел рухын әнмен тербетіп, ұлттың үнін жүрекке жеткізген танымал әнші, сазгер Ұшқын Жамалбек ертең Астана төрінде үлкен шығармашылық кешін өткізеді. Сахнадағы 15 жылдық ізденіс пен еңбекке толы жолын қорытындылайтын өнер иесі бұл жолы бас шаһарда ерекше тарту жасамақ. Отандық кино, сериалдар мен мультфильмдерге саундтрек жазып, өнерде өзіндік қолтаңбасын қалдырған сазгердің концерті Құрбан айт мерекесіне орайластырылып отыр.

Авторлық жеке шығармашылық кеште көрерменді ерекше атмосфера күтеді. Өйткені бағдарламада 100% жанды дауыс, симфониялық оркестр, бенд пен этно топтың сүйемелдеуі жоспарланған. Сондай-ақ сахнада қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары да өнер көрсетеді.