80 жастағы астаналық марафоншы Кейптаунды бағындырды

Фото: Спорт комитеті

Елордалық ардагер спортшы Салтанат Түйтебаев Кейптаун халықаралық марафонына қатысып, 42,2 шақырымды сәтті еңсерді. Халықаралық жарыс Оңтүстік Африканың Кейптаун қаласында ардагерлер арасында өткен.

«11-ші шақырымға жеткенде жарақат алдым. Марафонды жалғастыру мүмкін болмастай көрінді. Екі рет медициналық көмек алғаннан кейін, дәрігерлердің қарсылығына қарамастан, мен жарысты аяқтауды шештім. Келесі жылы Жапонияда өтетін ардагерлер Олимпиадасында, жеңістің орнын толтырамын», - деді марафоншы.