Павлодар облысында Ан-2 ұшағы апатқа ұшырады

Фото: Kerek.pv

Оқиға Железинка ауылы маңында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, авиациялық-химиялық жұмыстарды орындап жүрген ұшақ электр желісіне соғылған. Бортта 2 экипаж мүшесі болған.

Көлік министрлігінің хабарлауынша, бір ұшқыш қаза тапқан. Екінші ұшқыш ауруханада.