Атырау облысында орын алған жол-көлік оқиғасы салдарынан Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Ерболат Иғали қаза тапты.
Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы жағдай бүгін таңертең болған. Ерболат Иғали жүргізушісімен бірге жұмысқа бара жатқан қызметтік автокөлік жолда аударылып кеткен. Апат салдарынан шенеунік оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші аман қалды.
Қаралы хабарды Атырау облысының әкімдігі растады.
— Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Ерболат Айдынғалиұлы Иғалидың кенеттен қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына, туған-туыстары мен жақындарына, сондай-ақ әріптестеріне қайғыра көңіл айтамыз, — деп хабарлады облыс әкімдігінен.