Шымкенттік түлек әлемнің 74 университетінен шақырту алды

Фото: gov.kz

№2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Дастан Рақыманберді SAT емтиханынан 1480, ал IELTS бағдарламасы бойынша 7.0 балл жинап, әлемнің 12 еліндегі 74 беделді жоғары оқу орнынан шақырту алған.

Дастан республикалық және халықаралық олимпиадаларда,  IT саласындағы халықаралық хакатондарда, NASA ұйымдастырған жарыста да жоғары нәтиже көрсеткен.