Әрбір екінші қазақстандық мұқтаж жандарға көмектеседі

Фото: ru.freepik.com

Қазақстандық қоғамдық даму институты жүргізген әлеуметтік зерттеу нәтижесінде соңғы 12 айда қазақстандықтардың шамамен үштен екісі қайырымдылық көмек көрсеткені анықталған. Ал 28,8% респондент қайырымдылыққа қатыспаған.

Зерттеу деректері бойынша қазақстандықтар көбіне нақты мұқтаж жандарға тікелей және іс жүзінде көмек көрсетуді жөн көреді.

Сонымен қатар респонденттердің 14,4%-ы қайырымдылық ұйымдар арқылы, 10,3%-ы коммерциялық емес ұйымдарға қаржы аударыпты. Ал 2,3% азамат қайырымдылық іс-шараларына қатысу үшін арнайы жарна төлеген.