Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстан 2025 жылы 2024 жылмен салыстырғанда өндірістегі жарақаттану деңгейі 5,8%-ға төмендеп, 2 328 жазатайым оқиға тіркелді.
Өндірісте жарақаттанудың ең жоғары деңгейі Шығыс Қазақстан облысында сақталып отыр. 2025 жылы бұл өңірде 287 жазатайым оқиға тіркелді, бұл жалпы көрсеткіштің 12,3 % құрайды.
Екінші орында Қарағанды облысы тұр, онда өндірісте 277 адам зардап шекті, бұл жалпы жазатайым оқиғалардың 11,9 %.
Жалпы жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккендердің ең көп үлесі өңдеу өнеркәсібінде (255 адам), тау-кен өнеркәсібінде (130 адам) және құрылыста (18 адам) тіркелді.
Жазатайым оқиғалар салдарынан зардап шеккендердің басым бөлігі 30-45 жас аралығындағы білікті жұмысшылар.