Ынтымақтастық ұстанымын жалғастыру мемлекеттердің қазіргі және келешек басшыларының қасиетті міндеті. Бұл жөнінде Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен болған келіссөздерден кейінгі БАҚ өкілдеріне арналған брифингте айтты.
Біздің мемлекеттеріміз алып Еуразия кеңістігінің негізін құрайды. Берік әрі біртұтас Еуразия қауіпсіздігін сақтау үшін бірлесе жұмыс атқарып жатырмыз. Екі елді тарихи тамырластық, мәдени дәстүрлер, ұқсас менталитет, бастысы, әлемдегі ең ұзын шекара біріктіреді. Сондықтан мәңгі достық, тату көршілік және өзара сенім дегеніміз – жай ғана үгіт-насихат ұраны емес, халықтарымыздың бейбіт тіршілігінің мәні және қоғамдық өмірдің барлық саласындағы табыстың мызғымас кепілі. Біз Қазақстанда мұны жақсы түсінеміз және Ресеймен жан-жақты ынтымақтастықты басты бағыт ретінде қарастырамыз, – деді Президент.
Биыл үшінші Қазақстан – Ресей медиафорумы өтеді.
Қазақстан мен Ресейде екі елдің Мәдениет күндері тұрақты түрде ұйымдастырылып, халықтарымыздың бай рухани мұрасын паш ететін іс-шаралар кеңінен өткізіледі. Бұл жиын ақпараттық ықпалдастықты қалыптастыруға мүмкіндік береді. Биыл шілде-тамыз айларында Астанада үшінші «Болашақ ойындарын» табысты өткізуге ден қойып отырмыз. Қазақстанда «Сириус» таланттары екі рет кездесті. Биыл қаңтар айында Алматыда «Сириус» орталығы бой көтеретін жерге алғашқы капсуланы салу рәсімі өтті. Жаңа ғана біз Астанада дәл осындай іс-шараға куә болдық, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.