Аталас туысқан, ағайын, жиын-нағашылар бір мекемеде жұмыс істей алмайды

Енді пара беремін деп уәде еткендер де жазаланады. Сенат сыбайлас жемқорлыққа қатысты заң нормаларын күшейтуді қарастырды. Ал, өзіне пара беру ұсынылып, ол туралы хабарламаған адамды да қылмыстық жауапкершілік күтіп тұр. Сенатор Андрей Лукиннің айтуынша, заң нормаларындағы өзгертулер мен қабылданғалы жатқан ілеспе заң, сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қоюға көмектеседі.

АНДРЕЙ ЛУКИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Қазақстан үшін бұл мүлдем жаңа заң деп айтсақ болады. Қылмыстық кодекске енгізілген бұл норма алдын алуға бағытталғанын атап өткім келеді. Оны енгізуге толық негіз бар. Жалпы, қоғамды дұрыс тәрбиелеуіміз керек. Осылайша, пара деген бір ауыз сөз айтудың өзі темір тордың ар жағына алып баратынын барлығының білгені жөн. Осыған ұқсас заң жобаларын барлық еуропалық елдер мен Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұйымға мүше мемлекеттер әлдеқашан қабылдап қойған.

Ағайын-туыс, нағашы мен қайын жұрт та енді мемлекеттік және квазимемлекеттік мекемелерде жұмыс істей алмайды. Абысын-бажалар да тексеріледі. Бұған дейін норма бір отбасы мүшелеріне ғана қатысты еді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңға түзету енгізу аясында мүдделер қақтығысы фактілері де шет қалмады.

АНДРЕЙ ЛУКИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Бір атадан тараған барлық ағайын-туыс, оның ішінде: немере іні, әпке, өз жұрты мен нағашы жұрты, жиын мен бөле, - осының барлығы кіреді. Одан бөлек, азаматтық некеде тұрып жатқандар да, бірге жұмыс істейтін болса, осы заң шеңберіне кіреді. Бұрын салық үшін жеке декларация енгізсек, енді мүдделер қақтығысын болдырмау үшін осындай қадамға барып отырмыз.