Мұғалім мәртебесін қорғау туралы заң мақұлданды

Көптен бері айтылып келе жатқан педагогтер мәртебесін қорғау туралы заң күшейтіледі. Сенат екі оқылымда ілеспе заңды мақұлдады. Ұсынылған нормалар мұғалімді артық жүктемеден арылтып, оның кәсіби еркіндігін қамтамасыз етеді, - деп санайды сенаторлар. Енді педагогтер өз шәкірттері үшін тек оқу үстінде ғана жауапты. Бұл мұғалімді өзіне тән емес функцияларға араластырмай, демалыс кезіндегі қарбаластан қорғау керек. Сондай-ақ заң жобасында қағаз және электрондық форматта қатар жүретін «цифрлық бюрократияға» заңнамалық деңгейде тыйым салынады.

АЛИШЕР САТВАЛДИЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Есептілік мәселесіне келетін болсақ, бұрын цифрлық нұсқада да, қағаз нұсқасында да құжаттарды тапсыру мәселесі талап етіліп келді. Оның қажеттілігі жоқ. Бүгінде цифрлық технологиялар дамыды. Электронды нұсқа арқылы жіберудің өзі жеткілікті. Жоқ, бюрократтық талаптар қойып жатқан азаматтар туралы да естіп жатамыз наразылықтарды. Осының алдын алу үшін шаралар қабылданып отыр.