Әлемде алтын арзандай бастады

Фото: pixabay

Әлемдік нарықта алтын күрт арзандады. Чикаго тауар биржасында бағалы металдың маусым айындағы фьючерсі 2,3 пайызға төмендеп, бір унциясы 4 мың төрт жүз долларға түскен.

Бұл – кейінгі екі айдағы ең төменгі көрсеткіш. Сарапшылар: «Бағаның құлдырауына АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздердің тығырыққа тірелуі себеп», - дейді.

Инвесторлар Құрама Штаттардың Федералды резерв жүйесінің пайыздық мөлшерлемесі жоғары деңгейде қалады деп күтеді. Сол себепті алтынға сұраныс бәсеңдеген. «Ал доллар, керісінше, күшейіп, қорғаныс активі ретінде мәртебесін сақтайды», - дейді сарапшылар.