Түркістан облысында алғашқы қарбыз өнімі жинала бастады

Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Түркістан облысы Жетісай ауданындағы диқандар алғашқы қарбыз өнімін жинауға кірісті.

Шаруа қожалығы биыл 10 гектар алқапқа қарбыз еккен. Қазіргі уақытта алғашқы өнімді жинау жұмыстары қызу жүріп жатыр.

Биыл өңірдің ауыл шаруашылығы қажеттіліктеріне 1 миллиард текше метрден астам су берілген. Қазір ауданда бақша дақылдары, көкөніс пен жоңышқа алқаптарын суару жұмыстары жалғасып жатыр.