Астанада балаларды қорғау күніне орай клоундар шеруі өтеді

фото: gov.kz

Астанада 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай III Халықаралық клоундар фестивалі өтеді.

Іс-шара аясында сағат 12:00-де «Бәйтерек» монументінен клоундар шеруі басталып, «Ғашықтар» саябағына дейін жалғасады. Ал сағат 17:00-де Амфитеатр сахнасында фестиваль қатысушыларының концерттік бағдарламасы өтеді.

Фестивальге еліміздің әр өңірінен келген өнерпаздар, сондай-ақ Дания, Италия, Франция, Аргентина және Ресейден келген шығармашылық өкілдері қатысады.