Атыраудағы И.М.Губкин атындағы мемлекеттік мұнай және газ университетінің филиалы бәсекеге қабілетті инженерлер дайындайды

Атырауда  ашылған И.М.Губкин атындағы мемлекеттік мұнай және газ университетінің филиалы бәсекеге қабілетті инженерлерді дайындайды. Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында Қазақстан-Ресей үкіметаралық ынтымақтастық келісіміне сәйкес жүзеге асты. Филиал Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай-газ университеті базасында жұмыс істейді.  Мемлекет  жыл сайын 100 білім беру грантын бөліп отыр. Мұнда бакалавриаттың 3 бағыты бойынша: “Газ және мұнай құбырлары мен газ-мұнай қоймаларын салу және пайдалану”, “Мұнай-газ технологиялары” және “Кен орындарын геологиялық модельдеу бойынша ” мамандар дайындайды. Филиалдың аудиториялық және зертханалық қорлары зманауи технологиялық жабдықтармен және виртуалды тренажерлармен жабдықталған.  Оқу процесіне қос елдің тәжірибелі  профессорлық-оқытушылық құрамы тартылған.  Студенттер еліміздің жетекші мұнай-газ компанияларынан тәжірибеден өтеді. Филиал 20 маусымнан бастап құжат қабылдай бастайтынын айта кетейік. 

ЕДІЛ САДЫҚОВ, И.М.ГУБКИН АТЫНДАҒЫ РМУ АТЫРАУ ФИЛИАЛЫНЫҢ  АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

Өндірістік оқу полигонда студенттер  толықтай мұнай-газ ісінің бұрғылаудан бастап, мұнайды өндіру тізбегімен толықтай зерттеп солармен танысады. Тыс елді-мекеннен келген балаларға,  студенттерге жатақхана қарастырылған. Бұған қоса, білім беру бағдарламасы РФ білім беру стандартына да, Қазақстан  стандартына сәйкес жасақталған.