Шымкент жастарына қаржылық қауіпсіздік жайлы түсіндірілді

Қаржылық қауіпсіздік –жастардың таңдауы. Шымкенттегі Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлестіктегі fingramota.kz  жобасы аясында ауқымды форум өтті. «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасының сарапшысы   жеке қаржыны басқару, қаржылық қауіпсіздік, интернет-алаяқтықтың алдын алу және қаржы құралдарын дұрыс пайдалану қоғам үшін аса өзекті мәселеге айналғанын атап өтті. Сонымен қатар жастардың қаржылық білімін арттыру – уақыт талабы екеніне  тоқталды. Кездесу барысында студенттер фишинг, дропперлік, интернет-алаяқтық, несие тұзағына түспеу жолдары және жеке қаржыны тиімді басқару жөнінде маңызды ақпараттар алды. Сарапшылар жиында нақты мысалдар келтіріп, қаржылық қауіпсіздікті сақтаудың негізгі тәсілдерін түсіндірді.

АҚБОТА ТҰРАРОВА, «AMANAT»  ПАРТИЯСЫ «ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫНЫҢ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ҚАРЖЫ САРАПШЫСЫ:

Қазіргі кезде жасыратыны жоқ, жастар қарызға көп кіріп жатыр. Себебі, қаржылық сауаттылығы жоқ. Бір қарызды бір қарызбен жабамын деп кіріп кетіп жатыр. Сондықтан осы жобаның мақсаты  қарыздың алдын алу, қандай шаралап жасау керек , жол көрсету боп тұр жастарға.