Алматыда ҚР Қарулы Күштерінің Екінші ұлттық контингентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

  • AstanaTV
  • 29 мамыр 2026

Шетелге кеткен Қазақстандық 169 сарбаз елге оралды. Алматыда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Екінші ұлттық контингентінің екінші легін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Сарбаздар 1 жыл 2 ай көлемінде Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлінуді бақылау күштері қолбасшысының резерві ретіндегі міндеттерді орындай отырып, Голан биіктігінде тәуелсіз миссияны сәтті аяқтады. Қазақстандық бітімгерлер жоғары кәсібилік пен тәртіп үлгісін көрсетіп, халықаралық міндеттемелерді орындауға әрдайым дайын екендерін дәлелдеді. БҰҰ басшылығы да қазақстандық сарбаздардың қызметіне жоғары баға берді.

ЖӘНІБЕК НҰРЛАНОВ, ЕКІНШІ ҰЛТТЫҚ БІТІМГЕРШІЛІК КОНТИНГЕНТІ КОМАНДИРІ:

Бізді бас қолбасшы қарсы алып жатыр өте қуаныштымыз. Балалардың түріне қарасаң қуаныш білінбейтін сияқты. Мыңға жуық тапсырма істедік. Оның ішінде патрульдеу, бекет постарды қою және де жергілікті тұрғындармен қарым-қатынаста болу әрқашан, жарылғыш заттарды жойып, олардың мекен-жайларын анықтап, жергілікті тұрғындарға ескерту. Үшінші ұлттық контингентіне біз лауазымды және міндеттерді толықтай тапсырдық.