Қазақстанда инновациялық жобаларға инвестиция көлемі еселеп артып келеді. Бұл туралы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елордада өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы мен Еуразиялық экономикалық форумы мыңызды оқиға екенін, оның нәтижесі ЕАЭО қызметінде жаңа мүмкіндіктерді ашатынын атап өтті.
Мемлекет басшысының айтуынша, бүгін экономикалық ынтымақтастық туралы бірлескен шешімдерге қол қоюмен қатар, ЕАЭО-да жасанды интеллектіні жауапкершілікпен дамыту туралы бірлескен мәлімдеме қабылданды. Осы арқылы ЕАЭО дамуының сапалы жаңа кезеңіне өтуі үшін институционалдық жағдай жасалып отыр.