Еліміздің оңтүстік өңірлерінде ауа температурасы +40 °C-қа дейін көтеріледі. Батыста найзағай ойнап, бұршақ жауып, екпінді жел соғады. Солтүстікте жаңбыр мен бұршақ күтіледі. Елдің шығысы мен орталығында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +18...+20 °C, күндіз +31...+33 °C.
Алматыда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +17...+19 °C, күндіз +31...+33 °C.