Русский Сайттың толық нұсқасы

БҚО-да өрт сөндіруші тауып алған 1 миллион теңгені иесіне қайтарып берді

  • AstanaTV
  • 08 ақпан 2018
  • 2635

Оралда жолдан тауып алған 1 млн теңгені иесіне қайтарған өрт сөндіруші Аманбай Нажмиддиновке құрмет көрсетілді. Ол жуырда Тасқала аудандық мешітінің жанынан ішінде қомақты ақшасы бар әмиян тауып алған. Кейін сұрастыра келе, ақша мен құжаттар салынған олжаны қожайынына кері қайтарады. Белгілі болғандай, әмиянда өз отбасынан жырақта жұмыс істеп жүрген бірнеше жұмысшының жалақысы болған. Мәрттік танытқан жігіттің азаматтық ісі елеусіз қалмады. Батыс Қазақстан облысының әкімі игі ісімен көпке үлгі болған жігітке алғыс хат табыстады.

Аманбай Нажмиддинов, БҚО ТЖД Тасқала ауданы өрт сөндіру бөлімінің қызметкері:

Ойлап қарағанда, біреудің тауып отырған наны, үш жеті жұмыс істеп келген наны. Өзінің балаларына апара жатқан ақшасы. Бір-бірімізді құлап бара жатқанда, аяқпен теуіп құлатып жібермей, қолды беріп, көтеріп алған жақсы. Сонда ғана алға қарай жүреміз өсіп-өніп.