Қазақстандық жеңіл атлетші Максим Сажнев 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында Гонконгта өткен Азия чемпионатында диск лақтырудан алтын медаль жеңіп алды.
Финалда 17 жастағы спортшы 60,45 метр нәтижемен қарсыластарын артта қалдырды. Бұл көрсеткіш оның жеке рекорды ғана емес, 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Қазақстанның жаңа рекорды болды.
Жарыс барысында Максим алғашқы үш әрекетінде нәтижесін әрдайым жақсартып, 45,67 метрден 60,45 метрге дейін көтерді.