Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтауда аққулар жем жеу үшін жағаға шыққан

  • AstanaTV
  • 08 ақпан 2018
  • 4218

Ақтауда аққулар ашығып жүр. Осылай деген тұрғындар оларды қоректендіру үшін теңізге баруды әдетке айналдырған. Қала тұрғындары олардың бұрынғыдай адамдардан үркеймейтіне таңырқап жүр.

Жанар Мағдеева, Ақтау қаласының тұрғыны:

Негізінен аққулар жағаға осылай жақындап келмейді. Адамдарға да жолай қоймайды. Сондықтан, мен мұны олар ашыққан деп жорамалдап отырмын.

Экологтардың пікірінше, «Қызыл кітапқа» кірген қанаттының мұндай әрекеті таңсық емес. Құстардың сырт- бейнесі сап-сау,-дейді мамандар. Биыл аққулар мекенін ауыстырған. Бұған дейін бірнеше жыл қатарынан бір топ аққу 14-ші шағын ауданы жағалауын қыстаған. Ал биыл олар бірінші ауданға ойысыпты.

Кирилл Осин, «Эко Маңғыстау» үкіметтік емес ұйым директоры: 

Меніңше, аққулар аш емес. Сырт-бейнесі өте жақсы, күйлі деуге де болады. Олардың жағаға шығуы табиғи құбылыс. Өйткені құстар жартылай шөпқоректі. Демек, шөп іздеп, жағаға шығады. Бұл аққуға тән қасиет.