Павлодар облысында мас күйде рөлге отырған жүргізуші тоқтатылды

Polisia.kz

Еңбек ауылында рейд барысында қызметкерлермен мемлекеттік тіркеу нөмірлерінсіз жүрген мотокөлік жүргізушісі тоқтатылды. Тексеру барысында жүргізушінің мас күйінде болғаны анықталды.

- Ер адам мемлекеттік тіркеу нөмірлерінсіз мас күйінде мотокөлікті басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мотокөлік арнайы автотұраққа қойылды. Мотокөлік жүргізушілері жол қозғалысының басқа қатысушыларымен тең дәрежеде жол жүрісі ережелерін сақтауға міндетті: тиісті санаттағы жүргізуші куәлігінің болуы, қорғаныс дулығасын пайдалануы, көлік құралын тіркеуі және жылдамдық режимін мүлтіксіз сақтауы тиіс, - деп хабарлайды Павлодар облысы Ақсу қаласының патрульдік полиция взводының командирі Рустам Байғабылов.