Қазақстан Еуроодақпен диалогты дамытып, Иран мәселесіне қатысты ұстанымын білдірді

  • AstanaTV
  • 01 маусым 2026

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде Еуропалық одақпен визалық режимді жеңілдету жөніндегі келіссөздердің барысы туралы айтылды. Бұл мәселе Астана мен Брюссель арасында Қазақстан – Еуропалық Одақ Ынтымақтастық комитетінің 23-отырысы аясында талқылануда. Сондай-ақ министрлік Қазақстанның Иран ядролық бағдарламасына қатысты ұстанымына түсініктеме берді. Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, ел ықтимал келісімдерді жүзеге асыруға қатысу туралы шешім қабылдаған жоқ.

ЕРЛАН ЖЕТІБАЕВ, ҚР СІМ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Қазақстан Иранның ядролық бағдарламасына қатысты жағдай бойынша көпжақты келіссөздердің барысын мұқият бақылап отыр. Еліміз жауапты көпжақты ынтымақтастық қағидаттарын ұстанады және тұрақтылықты, қауіпсіздікті және диалогты нығайтуға бағытталған барлық бастамаларды қолдайды. Қазақстанды қоса алғанда, бірқатар мемлекеттер ізгі ниет танытып, аталған мәселені шешуге техникалық тұрғыда қолдау көрсетуге дайын екендерін білдірді.