Жиырма жыл бойы Ресейде жасырынған павлодарлық қарақшы елге қайтарылды

Павлодарда жиырма жыл бұрын қарақшылық жасап, Ресейге қашып кеткен күдікті ақыры қолға түсті. Ол жат елде жасырынып жүрген жерінен ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланды. Оқиға 20 жыл бұрын болған. Күдікті сыбайластарымен бірге қару қолданып, тұрғындардың мүлкін тартып алған. Қылмыстық топтың басқа мүшелері ұсталып, басты фигурант қашып үлгерген. Оған халықаралық іздеу жарияланған болатын. Қашқын Ресейдің Новосібір облысында құрықталды. 

ЕРЛАН ЖАНПЕЙСОВ, ҚР БАС ПРОКУРАТУРАНЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Айып тағылған қылмыстары үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.