Жетісу облысында сиырдың көзіне бояу құйып, бүйіріне "өлтіремін" деп жазып кеткен

  • AstanaTV
  • 01 маусым 2026

Жетісу облысындағы Қызылағаш ауылында белгісіз біреулер сиырға еден бояуын құйып, көзін күйдіріп жіберген. Тіпті, төрт түлік малдың бүйіріне «Өлтіремін» деген жазу қалдырған. Сиырдың иесінің хабарлауынша, мал болған жағдайдан қатты күйзелген. Егер біреудің ауласына кіріп, шөбін жеп қойған күннің өзінде, ауылдағы кез келген мәселені өркениетті түрде шешуге болатын еді деп күйінеді. Сондықтан жануарға зәбір көрсеткен адамды тауып, оны жауапқа тартуды талап етеді.

ЖАНАР ҚАЛЫҚОВА, ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Полиция қызметкерлері аталған оқиғаға қатысы бар тұлғаларды анықтауға бағытталған жедел-іздестіру және тексеру іс-шараларын жүргізуде. Тексеру нәтижелері мен оқиғаның барлық мән-жайлары толық анықталғаннан кейін қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті процессуалдық шешім қабылданады. Еске саламыз, барлық даулы мәселелер мен жанжалды жағдайлар тек құқықтық алаңда шешілуі тиіс. Кез келген заңсыз әрекеттер, өз бетінше әрекет ету, қоғамдық тәртіпті бұзу және бөтеннің мүлкіне зиян келтіру Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікке әкеп соғады.