Трамп: «Менің сайлауға да, Иран билігіне де түкіргенім бар»

Иран құлдыраудың алдында тұр. Дональд Трамп осылай дейді. АҚШ Президентінің айтуынша, келісім жасап, Трамптың алдына жығылудан басқа амал қалмады. Одан бөлек, Ақ үй басшысы қазір өтіп жатқан өтпелі сайлау процессін: «Көк тиынға да қажеті жоқ», - деп мазақ етті. Шартараптағы соңғы жаңалықтарды Еркелді Тілеуқұл шолып шықты.

Әскері мүлдем қалмаған, шағын қарулы топтарының өзі оқ астында қашып-безіп жүргене Иранның менің талаптарыма көніп, келісімге келуден басқа амалдары жоқ. Трамп өз сұхбатында осылай деді. АҚШ Президентінің айтуынша, экономикасы мүлдем құлдыраған. Сондықтан, бұлай жалғаса берсе, оңай олжа болатынын айтуда Ақ үй басшысы.

ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Ирандағы инфляция 250 пайызға жетті. Ақшаларының құны еркін түрде түсіп жатыр. Оны бақылауға шамалары жоқ. Олар менің қызметтен кетпенімді күтіп, оған дейін шыдаймыз деп ойлайды. Бұл сорлылар бірер айда құрып тынады. Өтпелі сайлауда республикалықтар жеңілсе, өздеріне деген қысым азаяды, - деп өздерінше мені мазақ етіп қояды. Келіссөздерде менің оларды балағаттағанымды естіп, интернетте әзілдеп қояды. Менің, сайлауға да, ирандықтарға да түкіргенім бар. Осыны біліп жүрсін.

Трамп араб елдеріне де қысым бастады. Израильмен біржола татуласып, Ибрахим келісімдеріне қосылуы керек, - дейді АҚШ Президенті.

ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері мен Қатар Халықаралық Ибрахим келісімдеріне қосылуы керек. Себебі, олар менің алдымда қарыздар. Бұл, араб елдерінің өздері үшін үлкен тарих болмақ. Біріншіден, менің тарихи жетістіктерімнің бірі болатыны анық. Ибрахим келісімдерінің пайдасы болмаса, зияны жоқ.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы эбола індетін бақылауға алмақ. Ұйым басшысы Тедрос Гебрейрус Конго Демократиялық Республикасына барып, жұқтырғандарды оқшаулау барысымен танысып қайтты. Бір ғана Конго демократиялық Республикасында осымен 17-і рет індеп өршіп отыр. Бірақ, Бундигбуо штаммы ешбір емге көнбей жатқаны бүкіл әлемді алаңдатып отыр.

ТЕДРОС ГЕБРЕЙРУС, ДДСҰ БАСШЫСЫ:

Жаңа бундигбуо штаммының емі жоқ деп алаңдап жатқандарды түсінемін. Бірақ, Италияда жақсы күтім көрсеткен науқастар құлан-таза айығып кетті. Бұл – үміт оты сөнбеу керек дегенді білдіреді. Сондықтан, індет ошағындағы науқастарға медициналық көмекті жақсарту түсу керек. Сол үшін арнайы Африкаға ат басын тіредім.

Франция Президенті Елисей сарайында футболшыларды қабылдап жатқан сәтте, Париж көшелері қайтадан қақтығыс алаңына айналды. Чемпиондар Лигасын қатарынан екінші рет ұтып алған Пари-Сен-Жермен фанаттары осы жетістікке мастанып, көшеге тойлау үшін шыққан. Бірақ, лезде сауда орындары мен көше бойындағы үйлердің терезелерін сындырып, полициямен қақтығысқа түсті.