Балаларды қолдау шараларына 1,3 триллион теңге бөлінді

Елімізде 7 миллионға жуық бала бар. Олардың құқығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мемлекеттің басты бағыты. Биылдан бастап Президент тапсырмасымен еліміздің 20 өңірінде арнайы «Балалардың құқықтарын қорғау басқармалары» құрылып, өз жұмысын бастады. Жаңа құрылым қиын жағдайға тап болған балаларға жедел көмек көрсетуді көздейді. Бұған қоса, заңнамада «5 мың балаға - бір маман» қағидаты бекітілді.

ТОЛҚЫН ИСАКОВА, ҚР ОАМ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жаңа конституцияда көрсетілген " Бала мемлекет қорғалуында" деген сөздің өзі осындай нақты жазылған норма, балалардың жан-жақты қамтамасыз ету дегенді білдіреді. Яғни, ол баланың денсаулыққа құқығы, баланың қауіпсіздігі, баланың білім алу құқығы, баланың отбасылық және әлеуметтік қорғалуға құқығы 

Бүгінде елімізде «Қазақстан балалары» ұлттық бағдарламасы жүзеге асуда. Оның аясында тек қауіпсіздік пен қолдау шараларына 1,3 триллион теңге бағытталса, инклюзивті білім беруді дамыту мақсатында «Келешек мектептері» жобасымен 217 жаңа мектеп бой көтерді. Сонымен қатар, биылғы жазғы сауықтыру шарасымен 3,2 миллион бала қамтылды. Оның 500 мыңы осал санаттағы бүлдіршіндер. Ал денсаулық сақтау саласына қаржыландыру 2 есе өсті, шамамен 600 миллиард теңге. Ең бастысы, болашаққа инвестиция ретінде «Ұлттық қор – балаларға» жобасы арқылы әрбір баланың ертеңіне қаржылай кепілдік беріліп отыр.