Балаларды қорғау күніне орай «Бала Толағай» жарысы өтті

Жаздың алғашқы күні елордада ұлттық спортқа жаны құштар жастар бас қосты. Балаларды қорғау күніне орай, «AMANAT» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы ұйытқы болуымен ұлттық спорттан «Бала Толағай» қалалық жарысы өтті. Өскелең ұрпақтың бойына бабалар аманатын сіңіріп, салауатты өмір салтын серік ету, іс-шараның басты мақсаты. Сайыс қорытындысы бойынша жүзден жүйрік шыққан епті де өжет балақайлар арнайы алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

ЛАУРА СӘРСЕМБЕКОВА, МІРЖАҚЫП ДУЛАТҰЛЫ АТЫНДАҒЫ №68 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Оқу жылының басында 7 баламен бастаған болсақ, осы "Толағай" жобасына қатысушыларды,  бүгінгі күні 108 балаға жетіп отыр. Оқушыларымыз екі халықаралық, екі республикалық және де 15 қалалық іс-шаралардың жеңімпаздары, қатысушылары атанып келе жатыр.

САҒИ ҒАНИБЕТ, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:

Найза лақтыру, серке көтеру, ләңгі тебу, қаппен жүгіру және арқан тартыс деген бес түрлі ойынымыз бар. Оған қосымша біз қыз балаларға арналған жобаны қосп жатырмыз. Ол жобаның ішінде бес асық ойыны және де киім үлгілері сосын садақ ату сияқты ұлттық спорт түрлері бар.