Қостанайда «AMANAT» партиясы Саяси менеджмент академиясының модульдік семинары басталды

Қостанайда жергілікті депутаттар мен шенеуніктер халықпен тығыз жұмыс істеуді үйреніп жатыр. «AMANAT» партиясы Саяси менеджмент академиясының арнайы оқу семинары басталды. Басқосуға мәслихат депутаттары, әкімдік қызметкерлері мен қоғамдық ұйым өкілдері жиналды. Олар заманауи басқару тәсілдерін меңгеріп, көшбасшылық қасиеттерін дамытады. Сондай-ақ бюджетті жоспарлау мен аймақты дамыту жолдарын талқылайды. Іс-шараны ұйымдастырушылар бұл оқудың маңызы зор екенін айтады. Өйткені мұнда алған білім билік пен халықтың арасындағы байланысты нығайтуға көмектеседі.

ТИМУР ҚАЛДЫБАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ САРАПШЫСЫ:

Бұл жерде жаңа форматтағы басшылар туралы сөз болып отыр, сәйкесінше, жұмыс бағытын жаңаша құру қажет. Жаңа технологиялар еніп, саяси алаңға жаңа леп келуде. Мәселе оларды қайта оқытуда емес, олардың шынымен де өзгеруі, "халық үніне құлақ асатын мемлекетке" айналуы және адамдармен тиімдірек жұмыс істей бастауы үшін қажетті бағыттар бойынша біліктілігін арттыруда болып отыр.