«Әділет» партиясы мемлекет тіркеуден өтіп, елдегі саяси ұйымдардың қатарына қосылды. Жаңа бірлестіктің құрамында өндіріс, білім, медицина, IT, заңгерлер мен креативті индустрия өкілдері бар. Партияның негізгі мақсаты - заң үстемдігін нығайтып, цифрландыруды ілгерілету және бәсекеге қабілетті экономика қалыптастыру.