Алматыдағы Алма-Арасан шатқалын тазалауға 300-ден астам жас жұмылдырылды

  • AstanaTV
  • 01 маусым 2026

Алматыда Алма-Арасан шатқалын тазартуға арналған экологиялық акцияға 300-ден астам жас жұмылдырылды. Сенбілікке студенттер, эко-белсенділер, «AMANAT» партиясының өкілдері мен еріктілер қатысып, шатқал аумағын тұрмыстық қалдықтардан тазартты. Өзен жағалауы мен тауға көтерілетін көлік жолдарының жиегі де қоқыстан тазаланып, ретке келтірілді. Жастар игі бастамаға белсенді қатысып, шатқал аумағын таза ұстауға өз үлестерін қосты.

ҚУАНЫШ ТӨЛЕПОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бүгін енді тек аумақты қоқыстан тазартып қана қоймай, жалпы қоғамға маңызды үндеу жасағымыз келеді. Яғни, табиғатты қорғау ол әрбір азаматтың өмір салтына айналуы тиіс. Сондықтан мына бүгін Алмаарасан Алматы қаласының ең көрікті, әрі табиғаты ерекше орындарының бірі. Сондықтан осындай жерлердің тазалығын сақтау  біз әрбір азаматтың ортақ міндеті деп білемін.